Қазақ файтер Асу Алмабаев (13-2) Brave CF лигасындағы алғашқы айқасындағы жеңісінен кейін "Жылдың жарқ еткен спортшысы" атағына ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен турнирде Алмабаев украиналық Александр Доскальчукті (10-3) қылқындыру әдісімен берілуге мәжбүр етті. Өте жеңіл салмақтағы айқас екінші раундта аяқталды.
Қазақ спортшы үшін 31 қаңтарға дейін жалғасатын арнайы арнайы сауалнамада дауыс беруге болады.