Arlan MMA Pro Team командасындағы қазақстандық файтер Данияр Қойшыбек (6-1) Eagle Fighting Championship лигасы Краснодарда ұйымдастырған аралас жекпе-жек турниріне қатысты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл лиганы бірнеше ай бұрын Хабиб Нурмагомедов сатып алған болатын.
Қазақ спортшының қарсыласы 32 жастағы Алексей Ким (5-1) болды, ресейлік осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген және бес қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген еді.
Бұл айқаста 27 жастағы Данияр төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Бұл - қазақ файтердің EFC лигасындағы алғашқы жекпе-жегі.