Қазақстандық ММА шебері Абылайхан Қадыржан 80 секунд ішінде қарсыласын жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Naiza 40 турнирінің басты айқастырының бірінде отандасымыз бразилиялық Джетрон Перейрамен (10-8) күш сынасты. Нәтижесінде жерлесіміз карьреасында жетінші рет жеңіске жетті.
Еске салайық, Алматыдағы Naiza 40 турнирінде Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора түркиялық Илькнур Куртты тізе бүктірсе, Мадияр Төлейбай 27 секунд ішінде өзбек қарсыласын терең ұйқыға жіберді.