Единоборства
2 қазан 13:49

Қазақ нокаутшыға UFC басшысы келісімшартты өз қолымен табыс етті

©DWCS

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Дияр Нұрғожайға ұйыммен келісімшартты жеке өзі табыс етті. 

Дияр Лас-Вегаста өткен Дана Уайттың үміткерлер сериясының (DWCS) сегізінші маусымындағы турнирдің екінші раундында польшалық Бартош Шевчикті нокаутқа түсірді. 

"Басқа тепкен керемет хайкик! 10 жеңіс, 27 жаста, 6 нокаут, 2 сабмишен. Ол UFC-дің жартылай ауыр дивизионын толықтырады. Сахнаға көтеріл!" - дейді Уайт. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport