Қазақ файтер UFC рейтигінде бірінші нөмірмен айқасқысы келеді

©instagram.com/asu_zulfikar57/

UFC-де өнер көрсететін Асу Алмабаев (20-2) "Вестник ММА" арнасына берген сұхбатында келесі жекпе-жектеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. 

- Менеджер топ-15 тізімдегі немесе жай ғана қарсыласпен жекпе-жек сұрап отыр ма?

- Егер рейтингте жоғары тұрған қарсылас болса жақсы. Топ-9, топ-5 тізімдегі. Мен сұрағандар тамыз айында жұдырықтасады екен. Мен Ройвал Брэндонмен де айқасар едім. Кіммен болса да, айырмасы жоқ. Топ тізімге кірмейтіндермен де. Бастысы үнемі белсенді болу керек, ілгерлеп, жұдырықтасып, нәтиже көрсетіп отырған жөн. Менің түсінгенім, үнемі айқасып, жеңіп отырсаң, қарсылас сенен жоғары тұр ма, төмен тұр ма, бәрібір рейтингте көтеріле береді екенсің, - дейді Асу. 

Айта кетейік, америкалық Брэндон Ройвал ең жеңіл салмақ рейтингінде бірінші орында тұр, ал Алмабаев он бесінші. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар