Қазақ файтер UFC-дің экс чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (10-3) Sport+ порталына берген сұхбатында арманындағы жекпе-жекті атады, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (10-3) Sport+ порталына берген сұхбатында арманындағы жекпе-жекті атады, деп жазады Vesti.kz.
Жасұлан UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы аустралиялық Александр Волкановскимен (26-4) жұдырықтасқысы келеді екен.
"Мен әрдайым айтатынмын, Волкановскимен жұдырықтасу мен үшін қызық болады, тым болмаса спаррингте өз күшімді байқап көру", - дейді спортшы.
Еске салайық, Волкановски Анахаймда өткен UFC 298 турнирінде испаниялық Илья Топуриядан (15-0) нокаутпен жеңілді.
Айта кетейік, Жасұлан да жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді.
Жарнама