Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің жаңарған рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Осыған дейін 14-орында болған қазақстандық файтер жаңа рейтингте 7- орынға жайғасты. Асу жексенбі күні бразилиялық Матеус Николауды жеңіп шыққан болатын. Бразилиялық 3 орын төмендеді.
Асу Алмабаев - UFC-де үздік ондыққа енген екінші спортшы. Біріншісі Шавкат Рахмонов болатын.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы жексенбідегі жеңісінен кейін UFC басшысы Дана Уайттан чемпиондық атаққа жекпе-жек сұрады.