Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев (16-2) келесі айқасын қашан өткізетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Келесі жекпе-жегімді 26 қараша күні Индонезияда Brave промоушенінде дағыстандықпен өткізем. Нақты кіммен екенін өздері ресми хабарлайды. Әзірге дайындықты тауда өткізіп жатырмыз. Кейін төмен түсіп салмақ қуамыз. UFC-ге қашан ауысасыз дейсіз бе? Сол күнге жету үшін әр екі ай сайын айқас өткізіп жатырмын. Демалыссыз жылына 3-4 жекпе-жек. Ең бастысы жарақатсыз", - дейді Алмабаев "Вестник MMA" Youtube арнасына берген сұхбатында.
Жуырда Асу Алмабаев Brave FC промоушенінің аса жеңіл салмағының үздік 3 спортшысының қатарына кірді.
Қазақ файтері соңғы рет Bellator лигасының экс чемпионы Зак Маковскимен (21-11) кездесіп, жеңіске жетті.