Ресейдің Омбы қаласының тумасы Ілияс Хамзин (10-2) Екатеринбургте өткен RCC 11 турнирінде бразилиялық Виктор Фигейредоны (12-5) техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
77,1 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі айқаста Хамзин бірінші раундта қарсыласын жойқын соққының астына алды. Нәтижесінде Фигейредоның аянышты күйін көрген төреші жекпе-жекті уақытынан ерте тоқтатуға мәжбүр болды.