Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы Джером Ривераға (10-5) қарсы жекпе-жегінің алдында дайындығы туралы айтты.
"Дайындығым жоғары деңгейде өтті. Жаттығу кезінде әрқашан көп жұмыс істеймін. Бұл жолы қателерімді түзедім. Жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Қазақстан, алға!" - дейді Жұмағұлов Дмитрий Смоляковтың YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Отандасымыздың кездесуі UFC 264 турнирінде 11 шілдеге қараған түні Лас Вегастың T-Mobile аренасында өтеді. Жалғас аталмыш кеште октагонға екінші жұпта шамамен елорда уақытымен таңғы сағат 4.50-де шығады.