MMA
5 шілде 2021 09:44
 

"Қатемді түзедім" - Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші кездесуі туралы

  Пікірлер

blog.share

"Қатемді түзедім" - Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші кездесуі туралы сурет: fighttime

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы Джером Ривераға (10-5) қарсы жекпе-жегінің алдында дайындығы туралы айтты.

blog.share

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы Джером Ривераға (10-5) қарсы жекпе-жегінің алдында дайындығы туралы айтты.

"Дайындығым жоғары деңгейде өтті. Жаттығу кезінде әрқашан көп жұмыс істеймін. Бұл жолы қателерімді түзедім. Жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Қазақстан, алға!" - дейді Жұмағұлов Дмитрий Смоляковтың YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Отандасымыздың кездесуі UFC 264 турнирінде 11 шілдеге қараған түні Лас Вегастың T-Mobile аренасында өтеді. Жалғас аталмыш кеште октагонға екінші жұпта шамамен елорда уақытымен таңғы сағат 4.50-де шығады.  

Жарнама

Живи спортом!