Қарсыласын нокаутпен жеңген өзбек қызы "Бопайды" қазақ жерінде реваншқа шақырды
Alash Pride FC 71 және ресейлік Open FC промоушндарының бірлескен турнирінде 9 жұп сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Alash Pride FC 71 және ресейлік Open FC промоушндарының бірлескен турнирінде 9 жұп сынға түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Олардың арасында украиналық Зоя Литвиненко мен өзбек қызы Хожинисо Комолдинованың айқасқанын айта кеткен жөн. Бірінші раундта қарсыласынан басым болған Комолдинова екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жеңіске жете салысымен октагоннан шығып, құрметті қонақтар қатарында отырған Зәмзәгүл Файзолланованы реваншқа шақырды.
"Осыған дейін қазақ жерінде қырғыз қарсыласыммен шыққан болатынмын. Өте ауыр жеңіс болғанын жасырмаймын. Себебі дайындығым аз болып қалды. Бұл жолы оқу-жаттығу жиындарын тиянақты өткіздік. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Айқастан кейін Зәмзәгүлге барған себебім – ол бізді бөліп жарды. Қазақ, өзбек, қырғыздар ағайын, бауырлас халықпыз. Зәмзәгүл болса мені өзбек деп бөлді. Сол үшін қызбалыққа салындым. Оның үстіне екеуміздің арамыздағы алғашқы жекпе-жекте төрешілердің бүйрегі қазақ қызына бұрғанын айта кету керек. Реваншқа шақырдым. Бірақ Зәмзәгүлдің айтуынша оның АҚШ жерінде басқа ұйыммен келісім-шарты бар", - дейді Комолдинова.
Еске салайық, Хожинисо Комолдинова мен Зәмзәгүл Файзолланова айқасып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске "Бопай" жеткен еді.
Жарнама