MMA
20 қаңтар 09:56

Қарсыласын бірінші раундта жеңген Махачев UFC-дің абсолют рекордсмені атанды

©UFC

Жеңіл салмақта UFC чемпоны Ислам Махачев (27-1) Инглвудта өткен UFC 311 турнирінде бразилиялық Ренато Мойканоға (20-6-1) қарсы айқаста белбеуін оңай қорғап қалды. 

Бес раундқа есептелген жекпе-жек біріншісінде-ақ аяқталды. Ислам қарсыласын тұншықтыру әдісіне салып жеңді.  

Титулын төртінші рет қорғаған 33 жастағы Махачев осылай UFC-дің жеңіл салмақ тарихында рекордсмен атанды. Ислам жеңіс сериясы он беске жеткізіп отыр, ал Майканоның қатарынан төрт жеңіс сериясы үзілді. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport