UFC жеті файтермен қош айтысты. Олардың қатарында таеквондодан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Робелис Деспанье (5-2) де бар.
Ауыр салмақтағы кубалықтың UFC-де жолы болмады. Қатарынан екі жеңілістен кейін ұйым онымен келісімшартты ұзартапйтын болды.
Деспанье аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің есінде қарсыласын 3 секундта нокаутқа түсіргенімен есте қалған еді.