MMA
30 маусым 2021 11:38

"Қарсылас кім екені маңызды емес". Шавкат өзін қауіпті ететін артықшылығын атады

Шавкат Рахмонов. Сурет: MMA Junkie©️

Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті жеңгеннен кейін жоспары туралы айтып берді. 

"Қарсыласым кім екені маңызды емес, тік тұрып та, партерде де, қалай болсын жұдырықтаса беремін. Маған бәр жерде ыңғайлы. Міне мені қауіпті ететіні осы. 

Жеңіс сериямды жалғастырып, жанкүйерлерімді қуанта бергім келеді. UFC бірінші айқасымнан бастап осал қарсылас берген емес. Екінші қарсыласым да айтарлықтай мықты, сондықтан, топ-15, топ-10 тізімдегі спортшымен жекпе-жеке дайынмын деп есептеймін. Мен дебютанттармен жұдырықтаспаймын. 

Командамды, бапкерімді құрметтеймін, сондықтан мұндай шешімді өзім ғана қабылдамаймын. Үйге оралып, осыны командамен талқылап, сосын біреуді айқасқа шақырамыз", - деп береді Аllboxing.ru.