Каратэден Қазақстан құрамасының бас бапкері көз жұмды

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал спортшы, әрі жаттықтырушының қазасы туралы Ерлан Қарин айтты.
"Жасталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол көптеген жыл Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды, каратэ бойынша әлемге әйгілі Jk Fan журналының республикалық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өтті. Халықаралық каратэ қоғамдастығында құрметке ие болған адам. Дүниежүзілік каратэ-до федерациясының атқарушы комитетіне сайланған ТМД елдерінен шыққан алғашқы және жалғыз өкіл", - деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.
Ол бала кезінен спортқа жақын болған екен. Каратэ-додан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін КСРО чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы.
1986 жылдан бастап бапкерлікпен айналысты, көптеген халықаралық спорт шеберін және әлем чемпиондарын дайындады.
Жарнама