Единоборства
3 желтоқсан 2019 15:56

"Қан сидірем". Фергюсон Нурмагомедовтың мылжасын шығаруға уәде берді

© Fightnews.info
Америкалық ММА файтері Тони Фергюсон жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың мылжасын шығаруға уәде берді. Олардың жекпе-жегі 18 сәуір Нью-Йоркте өтеді.  

"Ол жігіттің ойынан шығатын емеспін. Маған қарайды да, барынша жаттығады. Қобалжығаны сонша, қателікке жол береді, ал мен ол мүмкіндікті пайдаланамын.  

Жекпе-жек кезінде сәтін пайдаланып, қолға түсіремін. Қуырылған жұмыртқа болады, балақай. Қан сидіремін.

Ол жігіттің үлкен қиындығы бар, оның аты - Тони Фергюсон. Артынан барамын. Аңға шығатын кез келді", - деп келтіреді Фергюсонның сөзін MMAJunkie.

Нурмагомедов ММА-дегі 28 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Ал Фергюсон 28 кездесудің жиырма бесінде жеңген.