Ақтөбеде өткен NAIZA 48 турнирінде қазақстандық файтерлер Асан Сұлтанов пен Клементий Рябуха жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы жекпе-жек бір жарым минутта аяқталды. Сұлтанов қарсыласын қан-жоса етіп сабап, техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл Сұлтановтың алғашқы айқасы, ал екінші рет жеңілген Рябуха әлі жеңіске жетпеген.