Жартылай орта салмақта UFC-дің бұрнығы чемпионы Камару Усман UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты.
"Мен әлі жаттығып жүрмін, білесіздерме... Егер аз уақыт қалған UFC 310 турниріндегі Рахмоновпен жекпе-жекке айтарлықтай мықты әрі ессіз біреуді шақырғысы келсе, UFC кімді шақыру керегін анық біледі.
Мен қоңырау шалса, оған жауап беремін. Бір-екі мәселені анықтап алсақ болды, мен одан қашпаймын. Мен бұған дейін де сегіз күн қалғанда жекпе-жекке шыққанмын", - дейді Усман өзінің подкастында.