"Қажымұқанның туған күнінде". Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Аралас жекпе-жектен белгілі қазақстандық сарапшысы әрі комментатор Айдар Махметов джиу-джитсудан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Аралас жекпе-жектен белгілі қазақстандық сарапшысы әрі комментатор Айдар Махметов джиу-джитсудан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Абу-Дабиде өткен турнирде ол қоңыр белбеулер арасында үздік атанды.
"Жартылай финалда арабиялық спортшыны 9-0 есебімен ұтып, қолына ауырту әдісін қолданып жеңдім. Ал финалда қарсыласым мықты болды - ресейлік Владимир Скуньш. Тартысты жекпе-жек болды. Басымдық көрсетіп 1-0 есебімен жеңдім.
Абу-Дабидегі бұл чемпионат алтынына жету оңай болған жоқ. 2016 жылы көк белбеулер арасында қола иелендім. 2018 жылы жеңіске бір табан қалып еді - тең есеппен біткен кездесуде төрешінің бүйрегі ресейлікке бұрды. Бүгін жұлдызым оңынан туып, Жаратқан жеңіс сыйлады!
Ең қуаныштысы ұлы балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күнінде әлем чемпионы атандым", - деп жазыпты Махметов Instagram желісінде.
Жарнама