Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров дағыстандық Хабиб Нурмагомедов пен "Жаңа хабиб" лақап атты Хамзат Чимаев арасында кім мықты екенін айтты.
Оның сөзінше, Хабиб спорттан кеткендіктен қазіргі таңда ең мықты Чимаев. Сонымен қоса, ол бұрын ең мықты Нурмагомедов болғанын айтты. Қадыров дағыстандық спортшы өз лигасы мен бизнесін ашып, жас спортшыларға көмектесіп жүргенін атап өтті.
Еске салайық, мамыр айында Қадыров Хабибті UFC жобасы деп атап, "Ахмат" өкілімен жекпе-жек үшін кез келген сомманы беруге дайын екенін мәлімдеген. Нурмагомедов бұл сөзге еш ренжімейтінін және әр адамның өз пікірі барын айтқан болатын.