Единоборства
2 қаңтар 2020 17:36

"Жылдың үздік нокаутымен" жеңген қазақстандық файтерге 3,8 миллион теңге беріледі

Арман Оспанов пен Лом-Али Эскиев жекпе-жегі. Фото: ACA

Ресейлік Absolute Championship Akhmat промоушені 2019 жылдың үздіктерін атады, - деп хабарлайды ұйымның ресми сайты

Жылдың үздік нокауты номинациясында қазақстандық Арман Оспанов жеңіске жетті. 27 сәуірде Мәскеуде АСА 95 турнирінде Оспанов германиялық Лом-Али Эскиевті екінші раундта нокаутқа түсірген. Қазақстандықтың тіземен жасаған соққысы ұйымның үздік нокауты атанды. 

Ресейліктер Марат Балаев пен Салман Жамалдиевтің кездесуі АСА-ның үздік жекпе-жегі болып танылды. Ал Хусейн Шайхаевтың қазақстандық Ержан Естановқа жасаған әдісі жылдың үздік сабмишені атанды. 

Әр номинацияның жеңімпазы үш өлшем бойынша анықталды: жанкүйерлердің, сарапшылар мен лига басшыларының дауыс беруі. Жыл үздігі атанған жеңімпаздарға 10 мың доллар (3 миллион 832 мың теңге) көлемінде сыйлық беріледі.