"Жылдың үздік нокаутымен" жеңген қазақстандық файтерге 3,8 миллион теңге беріледі

Ресейлік Absolute Championship Akhmat промоушені 2019 жылдың үздіктерін атады, - деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Ресейлік Absolute Championship Akhmat промоушені 2019 жылдың үздіктерін атады, - деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Жылдың үздік нокауты номинациясында қазақстандық Арман Оспанов жеңіске жетті. 27 сәуірде Мәскеуде АСА 95 турнирінде Оспанов германиялық Лом-Али Эскиевті екінші раундта нокаутқа түсірген. Қазақстандықтың тіземен жасаған соққысы ұйымның үздік нокауты атанды.
Ресейліктер Марат Балаев пен Салман Жамалдиевтің кездесуі АСА-ның үздік жекпе-жегі болып танылды. Ал Хусейн Шайхаевтың қазақстандық Ержан Естановқа жасаған әдісі жылдың үздік сабмишені атанды.
Әр номинацияның жеңімпазы үш өлшем бойынша анықталды: жанкүйерлердің, сарапшылар мен лига басшыларының дауыс беруі. Жыл үздігі атанған жеңімпаздарға 10 мың доллар (3 миллион 832 мың теңге) көлемінде сыйлық беріледі.
Жарнама