Единоборства
15 шілде 2020 18:17
 
Жұмағұловтың UFC-дегі бірінші кездесуі өтпей қалуға шақ қалған

  Пікірлер

blog.share

Жұмағұловтың UFC-дегі бірінші кездесуі өтпей қалуға шақ қалған UFC©

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін болған екен. Оған Arlan MMA Pro Team командасының тағы бір мүшесі Сергей Морозовтың тесті себеп болыпты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Команданың YouTube арнасына берген сұқбатында Жұмағұлов жағдайдың қалай реттелгенін айтты. 

"Бір күн бізді бөлек-бөлек жатқызды. Қорғаныс костюмін киген адамдар келді. Сергей Морозовпен келе жатып "Біреу-міреуден коронавирусты шықты-ау" деп ойлап қоямыз. Дәл сол сәтте Саят Әбдірахманов маған "Сергейдің қасына жолама. Біреуден вирус шықты", деп жазады. Жекпе-жек өтпейтін болды дейді. Кейін қайта екі реттен тест тапсырдық. Ешкімнен вирус шықпады", - деді Жұмағұлов. 

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін бразилиялық Раулиан Пайваға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 

Жарнама

Живи спортом!