Единоборства
16 маусым 2023 09:28
 

Жұмағұловтың осымен үшінші қарсыласы жекпе-жекке шықпай қалды

  Пікірлер

blog.share

Жұмағұловтың осымен үшінші қарсыласы жекпе-жекке шықпай қалды ©UFC

UFC-де өнер көрсететін Жалғас Жұмағұлов алдағы демалыста октагонға шығу керек еді, алайда оның жекпе-жегі тағы шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC-де өнер көрсететін Жалғас Жұмағұлов алдағы демалыста октагонға шығу керек еді, алайда оның жекпе-жегі тағы шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаконың осы жолғы қарсыласы бразилиялық Фелипе Бунес жарақат алып қалыпты. Айқас 17 маусым Лас-Вегастағы UFC on ESPN турнирі аясында өту керек еді. 

Еске салайық, әу баста Жұмағұлов америкалық Нэйт Манесспен жұдырықтасу керек болған, бірақ ол жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Оны бразилиялық Рафаэль Эстевам алмастырды, дегенмен ол салмақ лимитін орындамай, жекпе-жек тағы өтпей қалды. Осының салдарынан Жалғасты "UFC-де мүлде жолы болмаған жігіт" деп кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!