Единоборства
21 қазан 2019 11:37

Жұмағұловтың жекпе-жегінен кейінгі Багаутинов командасымен жанжалдың мән-жайы айтылды

© ufcbet.ru
Жалғас Жұмағұловтың командасындағы қазақстандық Гойти Дазаев қазақ файтері мен Али Багаутинов арасындағы жекпе-жектен кейінгі жанжалдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Sport24.ru


Fight Nights Global 95 турнирінде Жалғас Жұмағұлов дағыстандық Али Багаутиновпен жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағын қорғап қалды. 

Жалғас Жұмағұловтың дағыстандық файтермен жекпе-жегінен кейінгі жаппай төбелестің видеосы

"Бесінші раунд соңында соққылармен алмаса басталды. Сосын Артур Багаутинов біздің бұрышқа келіп, өрмелеп шығып алды да, ағасына кеңес бере бастады. Түсінемін, эмоция бар, тағы басқа, бірақ, спорттықтәртіп болуы керек. Біздің клубтағы бір жігіт оны итеріп жіберіп, өз бұрышына баруды сұрады. Жанжал осыдан басталды, адамдар топырлап кетті. Дегенмен төбелес болмады. Итерісіп, итерісіп қойды. Бұл дұрыс емес қой - өзге бұрышқа жүгіріп бару. Ер адамбыз ғой, эмоцияны басу қажет", - дейді Дазаев.

Айта кетейік, Артур Багаутинов Жалғаспен жекпе-жекке шыққан Алидің туған інісі. 2017 жылы Жұмағұлов Артурмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңген еді.