Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады

UFC файтері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-7) кішігірім демалыстан кейін жаттығуға қайта кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
UFC файтері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-7) кішігірім демалыстан кейін жаттығуға қайта кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
33 жастағы спортшы маусым айында октагонға шығып, америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңілген еді.
"Ассаламалейкум! Қалайсыңдар? Мен оралдым, толассыз еңбектеніп, жаттығуларымды бастадым. Кішкене демалдым. Барлығыңды құшақтадым! Барлығыңызға жақсылық тілеймін! Аман болыңдар", - деді файтер.
Естеріңізге сала кетейік, Жұмағұлов Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Vegas 56 (UFC Fight Night 207) турнирде өнер көрсетті. Көптеген БАҚ өкілдері мен ММА журналистері қазақстандықтың жеңілісімен келіспеді.
Жарнама