Единоборства
12 шілде 2020 04:50

Жұмағұлов өнер көрсететін UFC турнирі ауыр нокаутпен басталды

Сурет: gazeta.ru
Бірікке Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" UFC 251 турнирі басталды. Турнирдің бірінші жекпе-жегі нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz


Турнирдің шымылдық ашар кездесуінде британдық Дэйви Грант пен америкалық Мартин Дэй кездесті. Кездесудің үшінші раудында британдық спортшы сол қолмен соққы жасап, қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, бұл Гранттың аралас-жекпе жектегі 13 жеңісі. Ол төрт рет жеңілген. Ал Дэй карьерасында бесінші рет жеңіліп отыр. Америкалық спортшы бес рет жеңген. 

Еске салайық, бұл турнирде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болады.