Единоборства
14 шілде 2020 14:17

Жұмағұлов жұдырықтасқан UFC турнирі МакГрегордың рекордын бұзды

Сурет: mmajunkie.usatoday.com
12 шілде күні Абу-Дабидегі "Жауынгерлер аралында" өткен UFC 251 турнирі ақылы трансляция көрсеткішінде (PPV) рекорд орнатты, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru


Sports Business Journal мәліметі бойынша, бұл шоуды 1,3 миллион адам сатып алып тамашалапты. Оның ішінде 900 мың адам ESPN+ арнасынан. 

"Бұл ESPN+ тарихында UFC турнирлеріндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ бұл 2018 жылғы МакГрегор мен Дональд Серроне арасындағы кездесуден кейінгі UFC PPV платформасындағы үздік көрсеткіш", - деп жазды басылым. 

Айта кетейік, UFC 2019 жылы PPV жүйесінен ESPN стримингтік сервисіне көшкен болатын. Сол уақыттан бергі ESPN арнасында ең көп жанкүйер жинаған кездесу Конор МакГрегор мен Дональд Серроне арасындағы айқас болған еді. Ол кездесуді шамамен бір миллиондай адам сатып алып тамашалаған. 

Еске салайық, UFC 251 турнирінде отандасымыз Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек өткізді. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшы ұйым аясындағы бірінші кездесуінде бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды. 

Ал турнирдің басты кездесуінде Камару Усман Хорхе Масвидальға қарсы шығып, белбеуін қорғап қалды. Сондай-ақ Алекс Волкановски Макс Холлоуэйді жеңді, белбеуін сақтады. Ал ресейлік Петр Ян бразилиялық Жозе Алдондан үстем түсіп, жеңіл салмақтың чемпионы атанды.