MMA
10 сәуір 2020 09:29

"Жоғарыдан қоңырау шалды". Хабибтің жекпе-жегінсіз UFC 249 турнирі өтпейтін болды

Сурет: Fightnews.info
18 сәуірде өту керек болған UFC 249 коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді, - деп хабарлайды sports.ru.


Промоушн орын тауып қойғанына қарамастан - үндістер резервуациясындағы казино - турнир өтпейтін болды.

UFC басшысы Дана Уайт: Бұл турнирге дайын едік, бірақ, ең жоғары деңгейден қоңырау шалды. Бізге тоқтатыңдар деді.

Басты жекпе-жегінде Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жұдырықтасу керек болған UFC 249 шоуымен қатар басқа да турнирлер кейінге шегерілді. 

Бастапқыда Фергюсон жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасады деп жоспарланған еді. Алайда 1 сәуірде ресейлік файтер коронавирустың пандемиясына қатысты, карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді.