MMA
21 қыркүйек 2020 13:31

Жеңісін қазақ халқына арнаған спортшы шешенстандық "Бөрімен" айқастан түскен табысын айтты

Артем Резников. Сурет: instagram.com/qazmma_tm©

Қазақстандық файтер Артем Резников "Разрешите вас перебить" YouTube арнасына берген сұхбатында Мәскеуде өткен ACA 111 турнирінде ресейлік Юсуф Раисовты жеңгені үшін қанша алғанын айтты. 

28 жастағы қазақстандық спортшы шоудың басты жекпе-жектерінің бірінде 24 жастағы "Борз" (Бөрі) лақап атты шешенстандық Юсуф Раисовты төрешілер шешімімен жеңді.

Резниковтың сөзінше, бұл жекпе-жек үшін ол сегіз мың доллар алды, төрт - шыққаны үшін және жеңіс үшін тағы төртеу. Дегенмен бұл соманың 20 пайызын қарсыласына береді, өйткені салмақ өлшеу рәсімінен өтпей қалған еді. 

Осыдан кейін Резников шаршы алаңда тұрып, ресейлік "Тақырбасты жыртқыш" Магомед Исмаиловты жекпе-жекке шақырды.

"Байқа, бұл қауіпті...". Дағыстандық "Жыртқыш" өзін жекпе-жекке шақырған қазақстандыққа сес көрсетті