Бұл промоушеннің қожайыны - жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Сариев EFC ұйымымен төрт кездесуге келісімшарт жасапты.
Айта кетейік, Сариев өзінің келесі кездесуін 22-ақпан күні Мәскеуде өткізеді. Оның қарсыласы Мансур Малачиев (8-0) болады. Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақта EFC ұйымының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Еске салайық, бұған дейін EFC лигасымен Жасұлан Әкімжан (5-2) деген отандасымыз келісімшарт жасады.