MMA
Кеше 12:42
 
Жеңілмеген қазақ шетелдік белгілі лигада айқасқа шығады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген қазақ шетелдік белгілі лигада айқасқа шығады ©

Жеңіліп көрмеген жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Көшен Ақанов (6-0-0-1) ONE Championship лигасындағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Бұл айқас 2 мамыр күні Бангкокте (Тайланд) өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік спортшымен айқасады

27 жастағы Ақановтың қарсыласы ресейлік Валерий Гусаров (6-1), ол былтыр қыркүйекте Қазақстандағы NAIZA лигасында өткен жекпе-жегінде отандасы Акраман Алаевты жеңген болатын. Гусаровтың қазіргі уақытта қатарынан бес жеңісі бар. Ал Ақанов карьерасында әлі бір рет те жеңілген жоқ, ол алты жеңісінің бесеуін нокаутпен аяқтаған.

2023 жылдың қаңтар айында Көшен Қытайдың JCK Kings лигасында да өнер көрсеткен, ол турнирде Ақанов Қытай қазаңы Құбұлан Тұрсынбектен төрешілер шешімімен басым түскенін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!