Единоборства
10 қазан 2018 15:08
 

Жекпе-жек кезінде Конор Хабибтен кешірім өтінген

  Пікірлер

blog.share

Жекпе-жек кезінде Конор Хабибтен кешірім өтінген © mmaboxing.ru

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жек кезінде не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп жазады Eurosport .

blog.share

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жек кезінде не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп жазады Eurosport .

Порталдың мәліметінше, үшінші раунд соңында спортшылар арасында дау шыққан.

"Дәл қазір сөйлесейік. Дәл қазір. Сөйлесейік", - деп айғайлаған Нурмагомедов. Ал МакГрегор оған жауап ретінде "Бұл тек бизнес" деп айтқан.

"Мен де солай ойлағанмын", - деген Хабиб.



Twitter желісі қолданушыларының бірқатары МакГрегордың бұл сөзін кешірім сұрау деп бағалады.

"Конор МакГрегор жекпе-жек кезінде Хабибтің алдында кешірім сұрағанға ұқсайды", - деп жазыпты Mr. Gonzales атты қолданушы.

"МакГрегорден "бұл жай ғана бизнес" сөзін жеңілгеннен кейін есту қызық екен. Сайқымазақ екенсің, таяқ жегеніңе қуаныштымын!", - деп жазыпты Ty LaBarge.

"МакГрегор" Нурмагомедовтың үстінен Уфа полициясына арыз жазды

Еске салайық, Нурмагомедов төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды.

Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелеске себепкер болды. Жағдайға күзет пен полицияның араласуына тура келді. Осыдан кейін Нурмагомедовке гонорарды төлеу шегерілді және ол белбеуден де айырылуы мүмкін.

Жарнама

Живи спортом!