"Жекпе-жек болмайды". Менеджер Саят Әбдірахманов салмақ қууда Исмағұловтың қандай қиындыққа тап болғанын айтты
UFC ұйымында ресейлік қазақ спортшысы Дамир Исмағұловтың (23-1) келіссөздерін жүргізетін менеджер Саят Әбдірахманов спортшының алдағы кездесуі өтпейтінін айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол Исмағұловтың UFC 267 турнирі алдында салмақ қуу кезінде қиындыққа тап болғанын мәлімдеді.

"Салмақ қуу кезінде Дамирдің денсаулығы сыр берді. Оның жағдайы нашарлап кетті. Тіпті ары қарай салмақ қууға шамасы болмады. Осы себепке байланысты да жекпе-жек өтпейтін болды. Ең маңыздысы - денсаулық. Қалғаны кейін-ақ бола береді. Қазір Дамир өз-өзіне келе бастады", - деді Әбдірахманов.
Еске салайық, Исмағұлов 70,3 келі болатын жеңіл дивизион лимитін орындай алмады, спортшының салмағы 74,16 келі болып тұр.
Исмағұлов 30 қазан Абу-Дабиде (БАӘ) UFC 267 турнирінде жұдырықтасу керек еді. Дамирдің қарсыласы Магомед Мустафаев (14-3) болатын. Енді кездесу өтпейтін болды.
Жарнама