MMA
7 қыркүйек 2020 13:10
"Жасап тастағанмын". Хабиб МакГрегормен қарымта туралы

Сурет: FightTime
Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ирландиялық ММА жұлдызы Конор МакГрегормен қарымта жекпе-жек мүлде қызықтырмайтынын айтады.
"Маған бұл мүлде қызық емес. Әрине өтеді деген аз да болса ықтимал бар. Алайда алда үміткермен жекпе-жек бар. Лайықты, мықты, белсенді. Ал Конор туралы ойламаймын да. Істеу керекті 2018 жылдың 6 қазанында жасап тастағанмын. Ал баспасөз бетінде айтылып жүргені мені мүлде алаңдатпайды. Ол шаршы алаңда бәскелес бола алмайтынын дәлелдедім", - деп береді Хабибтің сөзін "Спорт-Экспресс".