Абдулманап Нурмагомедов 57 жасында мәскеулік ауруханалардың бірінде 3 шілдеде көз жұмды. Белгілі бапкерді Дағыстанда жерледі.
"Бауырым, сенімен ешқашан жүздескен емеспін, бірақ, өмірілік жолыңды құрметтеп келдім! Көктегі сапарыңда саған дұға етемін. Жаратушы рухыңа жәрдемші болсын. Әмин. Хабиб Нурмагомедовке, отбасына және UFC әлеміне шынайы көңіл айтамын", - деп жазыпты ван Дамм Instagram желесінде.