Жұмағұлов бұл ұйымдағы бірінші кездесуін Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өткізіп, бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды.
Отандасымыз UFC ұйымымен ақпан айында келісімшарт жасады. Сол кезде оның менеджері Саят Әбдірахманов Kp.kz порталына берген сұқбатында келісімшарт бір жарым жылға және төрт кездесуге жасалғанын айтты. Бірақ, ол келісімшарттың қаржылық тұстарын айтпады.
Пайвамен өткізген кездесуі үшін Жұмағұлов 10 мың доллар сыйақы алған. Егер бұл кездесуде ол жеңіске жеткенде тағы 10 мың доллар алатын еді. Бізге белгілі болғандай, Жұмағұлов UFC ұйымының стандартты келісімшарты, яғни 10+10 жүйесі бойынша шартнамаға қол қойған. Басқа барлық спортшылар сияқты ол да жекпе-жек кешінің үздік айқасына берілетін 50 мың долларлық сыйақысына үмітті.