Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, Жұмағұлов АҚШ-қа жұмыс визасын әлі ала алмаған. Спортшының өкілдері визаны жылдам алуға тырысып жатыр екен.
Швециялық Амир Албазиге қарсы жекпе-жек 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған еді.
Екі файтер де UFC-дегі алғашқы жекпе-жектерін шілдеде өткізген болатын. Жұмағұлов төрешілер шешімімен жеңілсе, Албази жеңіске жеткен.