MMA
12 шілде 2020 05:49

Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуінде жеңіліп қалды

Сурет:UFC
Аралас жекпе-жек спортында ел намысын қорғайтын Жалғас Жұмағұлов әлемдегі әң таным ұйым UFC-де бірінші кездесуін өткізіп, жеңіліп қалды. 

Отандасымыз бүгін Абу-Даби қаласында "Жауынгерлер аралында" өткен UFC251 турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы 24 жастағы бразилиялық Раулиан Пайва болды.

Үш раундқа жалғасқан кездесуде Жалғас Жұмағұлов төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. Кездесудің бірінші раундты тең дәрежеде өтті. Екінші раунда Жалғас ақырындап басымдықты өз қолына алып, раундты өз пайдасына аяқтандай еді. 

Үшінші раундты да отандасымыз басымдықпен өткізді. Бірақ кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда Пайва белден төмен теуіп, ескерту алды. 

Дегенмен де Жалғас жекпе-жекті жалғастырды. Ал төрешілер кездесудің соңында бразилиялық Пайваның қолын көтерді. Бір назар аударатын жәйт, төрешілер бразилиялық спортшыға бірауыздан жеңісті берді. 

Айта кетейік, UFC 251 турнирінің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Камару Усман (16-1-0) мен америкалық Хорхе Масвидаль (35-13-0), жеңіл салмақтың чемпионы австралиялық Александр Волкановски (21-1-0) мен америкалық Макс Холлоуэй (21-5-0) арасындағы тартысты кездесулер өтеді. Сондай-ақ ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Жозе Альдо жеңіл салмақтың чемпиондық атағын сарапқа салады.