Единоборства
20 қараша 2022 11:20
 

Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымында бесінші рет жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Жалғас Жұмағұлов UFC  ұйымында бесінші рет жеңілді ©UFC

Жеңіл салмақтағы өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) UFC ұйымында бесінші рет жеңілді. Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде отандасымыз америкалық Чарльз Джонсонмен (12-3) кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Жеңіл салмақтағы өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) UFC ұйымында бесінші рет жеңілді. Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде отандасымыз америкалық Чарльз Джонсонмен (12-3) кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Үш раундқа жоспарланған айқаста 31 жастағы Джонсон төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Қорытындысы есеп 29:28, 28:29, 28:29. 

15 минуттың ішінде екі спортшы ережені біраз бұзды. Нақты айтсақ, бір-бірінің көзіне соққы жасады. Бірақ кездесуді жалғастыра алды. Соққылар бойынша 157-105 есебімен Жалғас алда болды. Дәл соққылар бойынша көрсеткіш қазақстандықтың пайдасында - 133:81. Жекпе-жектегі жалғыз тейкдаунды да Жұмағұлов жасады. 

Бұл Чарльз үшін UFC ұйымындағы бірінші жеңісі. Ол екі кездесу өткізген. Ал 34 жастағы Жұмағұлов алтыншы кездесуінде бесінші рет жеңілді. 

Қазіргі уақытта Жұмағұловта промоушенмен тағы бір кездесуге келісімшарт бар. Алайда америкалық лига отандасымызға соңғы мүмкіндікті бермей, қуып жіберуі де мүмкін. 

Еске салайық, ақтөбелік файтер UFC ұйымында ең алғашқы кездесуін 2022 жылы өткізді. Содан берін ол Раулиан Пайва, Амир Альбази, Джефф Молинаа есе жіберім, Манель Каптан нокаутқа түскен, Джером Ривераны ғана жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!