Ең жеңіл саламқтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC промоушеніндегі үш жекпе-жек үшін 53 400 доллар табыс көрген, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Жако екі кездесуінде жеңіліп, кейінгісінде жеңіске жетті.
Промоушендегі бірінші кездесуінде Жұмағұлов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілді. Ол кезде Жалғастың жалпы табысы 15 900 доллар болды.
Екінші жекпе-жегінде швециялық Амир Альбазиге есе жіберді. Қазақстандықтың ол кездегі гонорары 13 500 доллар болды.
Ал америкалық Джером Ривераны жеңгені үшін Жалғас 24 000 доллар алды.
UFC-мен келісімшарт бойынша Жұмағұловтың тағы бір жекпе-жегі қалды.