Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-8) UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жұмағұлов сегізбұрышқа 6 мамыр АҚШ-тың Ньюарк қаласында өтетін UFC 288 турнирінде шығады. Ал қарсылас 26 жастағы Рафаэль Эстевам. Бразилиялық спортшы UFC-де алғаш рет жұдырықтасады. Ал ММА-де ол жалпы 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Жұмағұлов бастапқыда америкалық Натан Манесспен (14-3) айқасу керек боғлан, алайда ол жарақат алып қалды. Бұл жекпе-жек қазақстандық спортшы үшін промоушенмен келісімшарт бойынша соңғы айқас екенін айта кетейік.