MMA
11 тамыз 2021 22:10

Жалғас Жұмағұлов жарақат алып қалды. Оның келесі кездесуі өтпейтін болды

©Жалғас Жұмағұлов. Сурет: UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов жаттығуларының бірінде жарақат алып қалды. Енді оның келесі кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы Sports.ru хабарлады. 

15 тамыз күні Алматы қаласында грепплингтен Arlan Grip Pro 10 турнирі өтеді. Бұл кездесуде Жалғас Жұмағұлов тағы бір танымал қазақстандық спортшы Арман Әшімовке қарсы кездесу өткізуі керек еді. Бірақ Жұмағұлов жаттығуларының бірінде жарақат алған. Енді бұл кездесу өтпейтін болды. 

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жекте 19 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жетіп, бес кездесуде жеңілген. Ол былтыр UFC ұйымымен келісімшарт жасады. Осы уақытқа дейін аталған ұйымда отандасымыз үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліп, бір кездесуде жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport