Единоборства
4 қаңтар 2024 16:45

Жалғас Жұмағұлов чемпионды жекпе-жекке шақырды

©Тұрар Қазанғапов

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (15-9) жапониялық Хиромасу Огикубоны (26-8-2) жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz.

Жалғас жапониялық Rizin Bantamweight Grand Prix лигасының чемпионына әлеуметтік желі арқылы жекпе-жек ұсынды да, бірден жауабын алды. 

Айта кетейік, жапониялық файтер бір кездері UFC-дің ең жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы бразилиялық Александр Пантожаны жеңген. 

"Сенімен октагонға шығайын жеп едім", - деп жазыпты Жұмағұлов Twitter желісінде.

"Армысың. Ал кеттік онда биді бастайық", - деп жауап берді жапониялық.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport