Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін америкалық спортшы Тони Фергюсон тағы жеңіл салмақта UFC чемпионы, жуырда ғана карьерасын аяқтаған ресейлік Хабиб Нурмагомедовті мазақ етті, деп жазады "Р-Спорт" порталы.
Негізі бұл екі спортшы арасындағы кездесуді ұйым басшылары бес мәрте ұйымдастырғысы келген. Бірақ бес рет жекпе-жек өтпей қалды. Ал 24 қазан күні Нурмагомедов Абу-Даби қаласында америкалық джастин Гэтжиді жеңіп, карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.
"Жақында кездесеміз, есуас", - деп жазды Фергюсон өзінің Instagram-stories-не ресейлік спортшымен бірге түскен суретін салып.
Айта кетейік, америкалық спортшы қазіргі уақытта жеңіл салмақтың рейтингінде үшінші орында келеді. бұған дейін Фергюсон жеңіл салмақтың уақытша чемпионы белбеуінің де иегері болған.