Единоборства
13 мамыр 2021 13:18

"Жақсы спортшы, бірақ...". Қадыров Хабиб Нурмагомедов туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Хабиб - жақсы спортшы, бірақ, ол UFC жобасы. Жүз пайыз солай, өйткені ол Дана Уайтпен жақсы. Егер біреу жекпе-жекке шықпай қалса, бірден рейтінгтен шығып қалады, ал Хабибті ешқашан шығаған емес. UFC жобасы екенін ол өзі де біледі. 

Егер жоба болмаса, оның ешқашан Ресей, Дағыстан туын көтеріп шыққанын көрмедім. Бұл факт, ол UFC жобасы. Менің ойым осы, ол да осымен келісетін шығар.

UFC-де Хабиб жүз пайыз жыртты, ал "Ахматта" солай істей ала ма, міне сұрақ қайда. Хабиб "Ахматта" шықса, кез келген салмақ пен кез келген гонорар беруге дайынмын. Ол "Ахматта" жырта алама екен көрейік. Сондықтан... UFC-де біз оған жанкүйер болдық, ал "Ахматта" өзіміздікілерге жанкүйерміз… Көреміз", - дейді Қадыров Instagram желісіндегі тікелей эфирде.