MMA
3 шілде 2022 12:06

Исраэль Адесанья UFC 276 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

©UFC

Орта салмақта UFC ұйымының чемпионы Исраэль Адесанья (23-1) бесінші мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ол Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткен UFC 276 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

32 жастағы Жаңа Зеландия өкілінің қарсыласы 38 жастағы америкалық Джаред Каннонир (15-6) болды. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер 49:46, 49:46, 50:45 есебімен Адесаньяға жеңісті берді. 

Бұл Адесаньяның қатарынан үшінші жеңісі, ал жалпы аралас жекпе-жектегі 23 жеңісі болды. Осылайша, чемпион өзінің белбеуін бесінші мәрте сәтті қорғады. Ал Каннонира болса алтыншы рет жеңілді. Ол өз карьерасында тек UFC ұйымында жеңілген. 

Айта кетейік, негізі Каннонир UFC ұйымында ауыр салмақта өнер көрсете бастаған. Бірақ кейін жартылай ауыр, сосын орта салмаққа ауысқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport