Дамир Исмагуловтың UFC-дегі кезекті жекпе-жегі не себепті кейінге шегерілгені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Vesti.kz сайтының тілшісіне Дамирдің менеджері Саят Абдрахманов аталған жағдай жайлы пікір білдірді:
"Жекпе-жекті визаны ұзаққа алып, Дамир ертерек барып, акклиматизациядан өтуі үшін кейінгі шегерді", – деді Абдрахманов.
Дамирдің жекпе-жегі 15 мамыр күні Хьюстонда (АҚШ) UFC 262 турнирі аясында өтуі керек еді, бірақ,, 22 мамыр күні өтетін UFC Fight Night турнирінде жұдырықтасатын болды. Қарсылас өзгеріссіз – бразилиялық Рафаэль Алвес (19-9)