Исмағұловтың менеджері алдағы айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

Жеңіл салмақтағы Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгіленді, ал оның менеджері Саят Әбдірахманов осы айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақтағы Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгіленді, ал оның менеджері Саят Әбдірахманов осы айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек желтоқсанда өтеді деп жоспарлануда, ал қарсылас 25 жастағы Арман Царукян.
"Мән-жайды білмей жатып, алдын ала шешім шығармаңыздар. Ең бастысы, жарақатсыз", - деп жазыпты менеджер.
Айта кетейік, 31 жастағы Дамир UFC рейтингінде 12-орында, ол промоушендегі бес жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Ал 25 жастағы Царукян оныншы, ол UFC-дегі жеті айқасының алтауында басым болған.
Жарнама